$ 447.4  477.55  4.76

«Оңып жүрген әнші жоқ»: Серікбол Сайлаубек салық төлемейтінін айтты (ВИДЕО)

Эстрада жұлдыздарының мемлекеттен қолдау болса деген тілектері бар екен. Серікбол Сайлаубек бұл туралы «Еуразия» арнасындағы «Басты бағдарламадағы» Мақсат Толықбайға берген сұхбатында айтты. 

Әнші «мемлекет бізге салық төлетпес бұрын жағдайымызды жасасын» - деп отыр. Әншінің бір көзі көрмейді. Сол үшін мемлекеттен зейнетақы да алады екен. 

«Мен мемлекеттің зейнетақысымен өмір сүріп жатырмын. Салық төлемеймін. 4 баламның жағдайын жасаймын деп әлек болып жүрмін», -  дейді ол. 

Сондай-ақ әнші әлі күнге дейін пәтер жалдап тұратын да айтты. Тіпті, бір кездері алаяққа алданып, көлігінен де айрылып қалғанын айтты. Сайлаубек «мемлекет қалт-құлт етіп әрең жүрген жүрген бізге салық салғанша, басқа мәселелерді шешіп алсын» деп сөзін қортындылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары