Эстрада жұлдыздарының мемлекеттен қолдау болса деген тілектері бар екен. Серікбол Сайлаубек бұл туралы «Еуразия» арнасындағы «Басты бағдарламадағы» Мақсат Толықбайға берген сұхбатында айтты.
Әнші «мемлекет бізге салық төлетпес бұрын жағдайымызды жасасын» - деп отыр. Әншінің бір көзі көрмейді. Сол үшін мемлекеттен зейнетақы да алады екен.
«Мен мемлекеттің зейнетақысымен өмір сүріп жатырмын. Салық төлемеймін. 4 баламның жағдайын жасаймын деп әлек болып жүрмін», - дейді ол.
Сондай-ақ әнші әлі күнге дейін пәтер жалдап тұратын да айтты. Тіпті, бір кездері алаяққа алданып, көлігінен де айрылып қалғанын айтты. Сайлаубек «мемлекет қалт-құлт етіп әрең жүрген жүрген бізге салық салғанша, басқа мәселелерді шешіп алсын» деп сөзін қортындылады.