28.03.2019, 04:28

Парламент Сенатының отырысында депутат Қайрат Қожамжаров ант берді

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Қайрат Қожамжаровтың ант беруі рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», - деді Қайрат Қожамжаров. 

Сонымен қатар Қ. Қожамжаров Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайланды. Ол Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің мүшесі болды. 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. 

Ол бұған дейін ҚР Бас прокуроры қызметін атқарған болатын. 

Айта кетейік, Парламент Сенатының жалпы отырысында Дархан Сатыбалдының депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы  шешім қабылданды. 

Естеріңізге сала кетейік, жақында Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.