Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттың пленарлық отырысында палатаның халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы боп сайланды.
«Сенаттың халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы ретінде Мұхтар Құл-Мұхаммедті ұсынамын. Мені қолдайсыздар деп ойлаймын», – деді Сенат спикері Назарбаева.
Депутататтар ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, бұған дейін бұл функцияларды Дариға Назарбаева атқарған болатын.