Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болмақшы, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) мен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр.
ExpressNews.com мәліметнше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.
GGG ісін жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың айтуынша, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылып отыр, өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.
«Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады», - дейді Бедфорд.
Дереккөз: Tengrinews.kz