27.10.2015, 06:22

Әйелін өртеп жіберген Қанат Садуовқа қатысты сот отырысы басталды

Астанада әйелін өртеп жіберген Қанат Садуовқа қатысты негізгі сот отырысы басталды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары сот залынан.

Естеріңізге сала кетейік, қылмысты 26 маусым күні № 25 орта мектеп жанында 43 жастағы Қанат Садуов жасаған. Ер адам бұл мектепте жұмыс істеген бұрынғы зайыбы Светлана Садуованың үстіне бензин құйып, өртеп жіберді.

Беті, мойыны, кеудесі мен арқасын термиялық күйік шалған әйел 2-ші және 3-ші дәрежелі күйік шогымен ауруханаға жеткізілді. Кейін мұғалім алған жарақаттарынан көз жұмды. Ер адамға халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Садуовты полицейлер қыркүйекте ұстады. Ол туыстарында жекеменшік үйде жерқоймада жасырынып келген.