$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында анасы мен 4 баласы иіс тиіп уланды

Алматы облысының Нарынкөл ауданында көпбалалы ана төрт баласымен бірге иіс тиіп уланды деп жазады Stan.kz.

Оқиға 28 наурыз күні Нарынкөл ауданында болды.

«28 наурызда Нарынкөл аудандық ауруханасына төрт баласы бар әйел түсті. Олар иіс тиіп уланған. Барлығына уақытында медициналық көмек көрсетілді. Олар емделу үстінде. 2008 жылы туылған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды», - деді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары