$ 494.87  520.65  4.91

Есен Елеукен Қабатовтың сынына жауап берді

«Тамаша» телеарнасының директоры, «Жайдарман» жүргізушісі Есен Елеукен «КТА» лигасының жетекшісі, актер Тұрсынбек Қабатовтың сынына жауап берді деп жазады Sputniknews.kz.

Қабатов «Talklike» бағдарламасына берген сұхбатында: «Лига ашайын деп жатырмыз, сен жүргіз деп ұсыныс айттым. Ол келісім берді. Содан КВН лига ойындары көпшілікке танымал бола бастады. Осы кезде Есенмен сөзге келіп қалдым. Сөйтіп мені ақырын-ақырын шетке ысырып, әрі қарай қазақша КВН болып кетті, одан әрі қарай «Нұр Отан»  партиясымен жұмыс істеп, кетіп қалды», - деген еді. Алайда Есен Елеукен Тұрсынбектің бұл сөзіне ренжімегенін айтады.  

«Ренжімедім. Әркім өзінің деңгейін көрсетті. Негізі осы сұхбат шыққаннан кейін жан-жақтағы туысқандарым, достарым, жақын адамдарым, әріптестерім хабарласты. Кейбіреулері мүсіркей қараған кездер болды. Енді бірі «неге жауап бермей жатсың?» деп ашуланды. Бастапқы кезде аздап ойланып қалдым, алайда ондайға дайын болдым. Бұл үшінші сұхбат. Бұл жерде әркімнің өз шындығы бар», - деді ол тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманға берген сұқбатында.

Сонымен қатар ол Тұрсынбек Қабатов өтірік айтып жібергенін жасырмады.

«Бәрін ашып айтып, осыдан кейін тағы әңгіме болғанын қаламаймын. Сондықтан жабулы қазан жабулы күйінде қалғаны дұрыс. Тіпті оның ондай ойы бар екенін де білген жоқпын, сөздің ашығы керек. Хабарласқаны рас. Бірақ саған орын дайындап қойдым деген жоқ. Қазақша КВН-де Тұрсынбектің орны ерекше. Ол – тұлға. Соңынан ерген көрермені бар. Біразы жақсы көреді. Ол тек Қазақстанда ғана емес, ТМД-да халықтың сүйікті ойыншыларының бірі», - деді Елеукен.

Сондай-ақ ол арадағы түсінбеушіліктің неден туындағанын айтып берді.

«Екінші лига ашпашы»  дегенім жоқ. Ол не үшін қажет? дегенім рас. Керек балаларды «бағдарламаңа сұрап ала бер»  дедім. «Кейбір бағдарламаларға адам жібермеді» депті. Тіпті, ол жерде түсірілім болып жатқанын да білмеймін. Бізде де түсірілім жүріп жатқан.  Кейін естідім. Өзі тікелей хабарласпайды, көмекшілері, қасында жүрген достары шығады. Сондай-сондай тұстары болды, мен де түсінбей жүрдім. Арамызда анау айтқандай ештеңе болған жоқ. Өзі хабарласып, айтатын болса, оған еш уақытта жоқ деген жоқпын», - дейді Есен Елеукен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары