Қостанай облысында Нұржамал Баймағамбетова, Валерий Авдоченко және Денис Чучков есімді 3 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті деп жазады Аlau.kz.
49 жастағы Нұржамал Баймағамбетова 20 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Бойы – 150-155 см. Үстіне қара куртка, басына күлгін түсті бас киім киген.
56 жастағы Валерий Авдоченконың қайда кеткенінен ешкімнің хабары жоқ. Бойы – 170-175 см. Көзі көк түсті.
1983 жылғы Денис Чучков 11 наурыз күні таңертең сағат 07:30-да үйінен жұмысына шығып, ізім-қайым жоғалған. Бойы - 170-175 см. Шашы қою қоңыр, көзі де қоңыр түсті.
Жоғалғандарды көрген-білгендер болса, 8-7142-52-61-11, 52-62-18, 52-61-12 немесе 102 пультіне хабарласса болады.