Жаңалықтар 27.10.2015 сағат 09:17

Оңтүстік Азиядағы зілзаладан қаза тапқандар 300-ден асты

26 қазан күні Оңтүстік Азия аймақтарында магнитудасы 7,5 болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 330-дан асқан. Пәкістанда кем дегенде - 250, Ауғанстанда 80 адам қаза тапқан. Бұл туралы екі елдің ресми органдары мәлімдеді, деп жазады Азаттық радиосы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 1 мың 800 астам адам жарақаттанған. 

Жойқын зілзаланың эпицентрі Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Джурм қаласы маңында болған. Күшті жер сілкінісін Пәкістан астанасы Исламабад пен Пешавар, Үндістан астанасы Дели тұрғындары да сезген.

Қатты жер дүмпуі Тәжікстанда да сезіліп, Душанбе тұрғындарын әбігерге түсірді. Зілзала Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде де байқалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар