15.07.2014, 10:30

Алтайда қазақстандық бойжеткен ауыр жарақат алды

Сурет: tengrinews.kz

Қазір әлеуметтік желілерде омыртқасын сындырып алған қызға көмек қаржы жиналып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бойжеткенге шұғыл медициналық жәрдем мен тасымал қажет.

Оқиға 13 шілде күні Чемал ауылында болды. Дарья Пономарева жартастан құлап кетіп, жарақат алды. Оның арқа омыртқасы сынып, тағы екі омыртқасына зақым келген. Оқиға орнына келген құтқарушылар қызды 60 метрге жуық биіктіктен түсіріп алды. Құтқару жұмыстары бес сағаттан артық уақытқа созылған. Зардап шегуші Новосібірдегі ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер қызға операция жасады, бірақ ол әлі күнге дейін аяғын қозғалта алар емес. Пономаревамен бірге Алтайда демалған достары әлеуметтік желілерде Дарьяға көмек ретінде арнайы топ құрды. Қыздың ата-анасы Таулы Алтайға әлі жете қоймаған.

— Әзірше дәрігерлер қажет соманы атай қойған жоқ, бірақ біз емдеу ақылы болады деп ойлаймыз. Меніңше, оны тасымалдау біздің мойнымызға жүктеледі, сондықтан алдын ала қаражат іздестіріп жатырмыз, — дейді жарақат алған қыздың достарының бірі.