$ 449.58  486.94  4.86

Ақмола облысында су қоймасы бұзылып, ағын су Көкшетауға бет алды

Ақмола облысының Бурабай ауданында ағын су Кенесары су қоймасын бұзып кетті. Бұл туралы  брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Департамент өкілінің сөзіне қарағанда,  төтенше жағдай наурыздың 31-де таңғы сағат 04:25 шамасында болған. Еріген қардың суы мен жаңбырдан Кенесары су қоймасындағы судың деңгейі көтерілген. Осының салдарынан су бөгеттің (ұзындығы 30 метр, биіктігі 4 метр) аумағын бұзып кеткен.

«Қазіргі кезде, су Қылшақты өзенінің бойымен Ивановка су қоймасына қарай ағуда. Болжам бойынша Ивановка су қоймасына 2-2,5 миллион текше метр, Көкшетау қаласына 1,5-2 миллион текше метр су келуі мүмкін. Осыған байланысты Кенесары және Ивановка су бөгеттері, Көкшетау қаласында Қылшақты өзенінің бойында бақылау бекеттері орналастырылып, су деңгейіне мониторинг жүргізілуде», - дейді Манарбек Шапағатов.

Брифингте айтылғандай су тасқынының қатерін алдын алу мен төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына 258 адам  және 20 арнайы техника жұмылдырылды. Оның ішінде Кенесары бөгетінің бақылау бекетіне ТЖД жеке құрамынан 130 адам және 3 арнайы техника,  жергілікті атқарушы органдардан 40 адам және  5 техника,  Бурабай аудандық ПБ 9 адам және 3 техника, Ивановка су қоймасындағы бақылау бекетіне ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 4 арнайы техника, жергілікті атқарушы органдардан 7 адам және  5 техника, ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару отрядынан 22 адам және 1 техника, ТЖД жедел құтқару отрядынан 7 адам, 3 техника және 1 жүзу құралы, Бурабай аудандық ПБ 9 адам және 3 техника, Көкшетаудағы Қылшақты өзені бойындағы бақылау бекетінде ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы техника, жергілікті атқарушы органдардан 13 адам және  10 техника,  Көкшетау қалалық  ПБ 8 адам және 3 техника бар.

«Бөгеттің бұзылуына сол маңындағы Кенесары ауылындағы тұрғын үйлерге су басу қатері төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда», - деп  толықтырды Манарбек Шапағатов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары