$ 447.4  477.55  4.76

Қарағанды облысында жоғалып кеткен шопан өлі табылды

Қарағанды облысы Атасу ауылының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғыны өлі табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Облыстық ТЖД мәліметінше, 55 жастағы ер азамат 29 наурыз күні жоғалған малын іздеу үшін атқа мініп шығып кеткен екен.

Соңғы рет ол сол күні күндіз сағат 12-лер шамасында үйіндегілермен байланысыпты. Содан кейін хабарсыз кеткен. Туыстары оған түнде іздеу салған.

"Шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облыстық ТЖД мамандары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Көлік жүретін жол болмағандықтан адамдар іздеуге жаяу шыққан. Қараңғыдан көру мүмкін болмағандықтан 30 наурыз күні 03:00-те іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылып, таңғы 06:00-де қайта жалғасты. Сағат 13:37-де Жаңарқа ауданы Атасу ауылына 6 шақырым қашықтықтан жоғалған азаматтың мәйіті табылды", - деді ТЖД қызметкерлері.

Марқұмның неден өлгені сот-медициналық сараптамадан кейін ғана белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары