Қарақалпақстанда әйел мен оның үш баласы құдықтан өлі табылды. Сәбилердің ең кішісі - 4 айлық, ортаншысы - 2 жасар және үшкені - 3-те деп жазады centralasian.org.
Оқиға 28 наурыз күні Қожаелі ауданына қарасты Саршынгүл ауылында болған. 32 жастағы әйел мен оның балаларына қатысты бұл қайғылы жағдай суицид болуы мүмкін деген болжам бар.
«Олар ауыз суды осы құдықтан алатын. Қақпағы бүгінге дейін жабылған емес. 4-еуінің де денесі бірдей шықты. Оларды біреу өлтіріп кетуі де, өздерін өлтіруі де мүмкін. Полицейлер құдықты қоршап қойды», - дейді марқұмдардың көршісі.
Жергілікті полицейлер сараптама жүргізіліп жатқанын, сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтады.