$ 498.34  519.72  4.85

Украинадағы президент сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өтті

Ұлттық экзит-пол нәтижесіне сәйкес, Украинада бүгін, 31 наурызда өткен президент сайлауына қатысқандардың 30,4 пайызы Владимир Зеленскийге дауыс берген деп жазады Азаттық.

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский

Одан кейінгі орында елдің қазіргі президенті Петр Порошенко келе жатыр. Ол 17,8 пайыз дауыс жинаған. Ал үшінші орындағы «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенконың жинаған дауысы - 14,2 пайыз.

Төртінші орында «Оппоблока» өкілі Юрий Бойко тұр. Одан кейінгі орындарда Анатолий Гриценко (7,1 пайыз), Игорь Смешко (6,4 пайыз), Олег Ляшко (4,8 пайыз), Александр Вилкул (4 пайыз) мен Руслан Кошулинский (1,8 пайыз) тұр.

Сайлауға қатысқан 39 кандидаттың ішінде қалған үміткерлер бір пайыздан көп дауыс жинай алмаған.

Экзит-полды Демократиялық бастамалар қоры, Киев халықаралық әлеуметтану институты мен Разумков орталығы жүргізген.

31 наурызда Украинада президент сайлауы өтті.

Сайлау нәтижелері 10 сәуірге дейін жарияланады. Кандидаттың ешбірі бірінші турда 50 пайыздан көп дауыс жинай алмаса, 21 сәуірге жоспарланған екінші тур өтеді. Сайлауды ақырғы нәтижесі 1 мамырға дейін белгілі болады.

Украина президенті бес жылға сайланады.

Елдің орталық сайлау комиссиясы 17 ел және 19 халықаралық ұйымнан келген шамамен 2400 халықаралық бақылаушыны тіркеген. Бірақ олардың арасында Ресей азаматтары жоқ. Жоғары рада бұған дейін Ресейді «агрессор мемлекет» ретінде танып, сайлауды бақылау мүмкіндігінен айырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары