$ 498.34  519.72  4.85

1 сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндетті

Елімізде 1 сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Өзгерістер 1 сәуірден, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, салық төлеушілер өз қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің тізімі ұзарып, 323-ке жеткен.

Такси жүргізушілерімен бірге түбіртек беруге шаштараз және сұлулық салонының қызметкерлері, ломбардтар мен қонақүйлер, құмар және бәс тігу ойындарын ұйымдастырушылар, сондай-ақ сылақ жұмыстарын орындаушылар, аудио және бейнетехникалардың,  тұрмыстық электр аспаптарының бөлшек саудасымен айналысушылар міндеттелген.

Түбіртек беруге міндеттеліп отырған қызмет түрлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары