$ 448.15  483.46  4.86

Ататүрік әуежайының жабылауына байланысты «Эйр Астана» Ыстамбұлға ұшатын бірнеше рейсті тоқтатады

«Эйр Астана» Ыстамбұлға ұшатын барлық рейсті Ыстамбұлдағы жаңа әуежайына көшіреді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ататүрік атындағы әуежайдың жабылуына және жаңа әуежайға көшіруіне байланысты «Эйр Астана» 2019 жылғы 5-ші және 6-ші cәуірде келесі рейстерді орындамайды:

5 сәуіде - КС869/870 Атырау-Ыстамбұл-Атырау және КС 911/912 Алматы-Ыстамбұл-Алматы;

6 сәуірде - КС 911/912 Алматы- Ыстамбұл -Алматы және КС 917/918 Астана- Ыстамбұл -Астана.

Бұл күнгі рейстерге билет сату бір ай бұрын тоқтатылған.

Естеріңізге саламыз, Ыстамбұлдан ұшатын рейстерге тіркеу кесте бойынша ұшуға 1 cағат бұрын аяқталады. Әуекомпания тіркеуден және қауіпсіздік тексерісінен өту үшін әуежайға алдын ала келулерін сұрайды.

Қазіргі таңда «Эйр Астана» Ыстамбұлға Алматыдан күн сайын, Астанадан аптасына 5 рет, Атыраудан 2 рет қатынайды.

Ыстамбұлдың жаңа әуежайы қаланың еуропалық бөлігінің солтүстігінде 35 шақырымдық қашықтықта орналасқан.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары