$ 498.51  522.84  4.81

Ресейдегі ең бай әйелдердің бірі ұшақ апатында қаза тапты

31 наурызда Германияның оңтүстік-батысындағы Эгельсбах әуежайына қонғалы жатқан Epic-LT жеке ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан S7 Airlines компаниясының 55 жастағы акционері, Ресейдегі ең бай әйелдердің бірі Наталия Филева қаза тапты деп жазады Азаттық S7 компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия полициясы Франциядан келе жатқан алты адамдық ұшақ бортында үш адамның болғанын айтқан. Апат себебі әзірге белгісіз.

«Құлаған ұшақ түгел жанып кеткен. Қаза тапқан азаматтардың кім екені осы аптада анықталады», - деді полиция.

Ресейлік «Известия» басылымның жазуынша, апатта Филеваның әкесі де қаза тапқан болуы мүмкін.

Forbes тізімінде Наталья Филева Ресейдегі ең бай әйелдердің бірі. Оның жиған дәулеті 600 миллион долларға бағаланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары