01.04.2019, 09:32

Айсәуле Бақытбек кәсіп ашқан Айдана Меденованы «талғамсыз» деп сынады (ВИДЕО)

Жақында ғана келін атанып, бірнеше күн өтпей сұлулық салонын ашқан Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек кәсібін өз атымен атайтындарды қатаң сынға алды. Әсіресе, ол Айдана Меденоваға «талғамсыз» деп сөкті.

Айдананы құттықтаған Айсәуле салон атын көкек құсатып айқайлатқандарды аса жақтыра қоймайтынын айтайды.

«Менің ойымша өз айтын айқайлатып жазып қою ұят. Талғамыз дер едім», - дейді Айсәуле Бақытбек.

Ал Айдана Меденова болса, Айсәуленің бұл пікірімен келіспейді.

«Қалада салондар көп. Адамдар бірден тауып алын деген мақсатта қойдым. Оның үстіне суреттер сапалы болса, оны талғамсыз деп айтпас едім», - дейді әнші.

Айта кетейік, өткен аптада Айсәле Бақытбек «SASS» деп аталатын сұлулық салонын ашты. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұл әріптерді оның аты-жөнімен байланыстыратындар да бар.