01.04.2019, 11:30

Жаңаөзенде 1 жасар сәби 2-қабаттан құлап кетті

Сәби жерге баспен түсіпті. Мұны оның ана-анасы айтып отыр. Баланың өмірін құтқару операциясы екі сағатқа созылған. Қазіргі уақытта оның жағдайы өте ауыр дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сәби Жаңаөзендегі балалар ауруханасына бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен жеткізілген. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжебалов шұғыл ота жасап, сәбидің өмірін аман алып қалды.

«Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты, ол І дәрежелі комада жатыр» - деп хабарлады Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.