Қазақстан азаматы қазақстандық-ресейлік шекарада Ресейге тапанша мен оқ-дәрілерді алып өтпек болғаны үшін ұсталды, деп хабарлады Қазақстан ҰҚК шекара қызметінен.
Шекара қызметінің Орал шекара отрядына қарасты «Жайық — теміржол»бақылау-өткізу бекетінің (қазақ-ресей шекарасы) шекара наряды «Москва – Алматы»бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жасау кезінде 1997 жылы туылған Максим есімді қазақстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды.
«Аталған азаматтың спорттық сөмкесін қарау кезінде одан ішкі істер органдарында тіркелмеген «ПМ-ультра» пневматикалық тапаншасы, оған арналған 2500 дана оқ-дәрі, 14 дана газды баллоншалар шыға келді»,-делінген хабарламада.