Мемлеккеттік айыптау соттан Астанада әйеліне бензин құйып, өртеп жіберген Қанат Садуовты 18 жыл бас бостандығынан айыруды сұрайды деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» АА
42 жасар Садуовқа қатысты процесс елордада судья Ербол Рахымбековтың төрағалығымен мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта өтіп жатыр.
«Сотқа Қанат Садуовты ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі 5 тармағымен (Аса қатыгездікпен кісі өлтіру) айыпты деп тануды және қатаң режимдегі түзету колониясында 18 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынамын», — деді прокурор Ұлан Әбдіраимов сәрсенбіде тараптардың пікір алмасуында.
Естеріңізге сала кетейік, қылмысты 26 маусым күні № 25 орта мектеп жанында 43 жастағы Қанат Садуов жасаған. Ер адам бұл мектепте жұмыс істеген бұрынғы зайыбы Светлана Садуованың үстіне бензин құйып, өртеп жіберді. Беті, мойыны, кеудесі мен арқасын термиялық күйік шалған әйел 2-ші және 3-ші дәрежелі күйік шогымен ауруханаға жеткізілді. Кейін мұғалім алған жарақаттарынан көз жұмды.Ер адамға халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Садуовты полицейлер қыркүйекте ұстады. Ол туыстарында жекеменшік үйде жерқоймада жасырынып келген.