$ 494.87  520.65  4.91

Ирандағы тасқыннан ондаған адам қаза тапты (ВИДЕО)

Иран билігі соңғы он жылдағы ең қалың нөсер деп атаған жаңбырдан соң жүрген сел елдегі 25 мыңнан аса үйді шайып кеткен деп жазады Азаттық.

Ресми дерек бойынша, 19 наурызда басталып, Иранның солтүстігінде, орталығы мен оңтүстігінде болған тасқыннан кем дегенде 45 адам адам қаза тапқан.

Синоптиктер алдағы екі күн бойы тағы нөсер жауады деп болжаған соң ондаған ауыл мен қаланың мыңдаған тұрғыны қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Елдің батысындағы Керманшах провинциясының билігі өзендерге жақын тұратын 19 мыңға тарта адамды қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық берді.

Билік «селден жапа шеккендердің шығыны өтеледі» деді.

Ислам революциясы сақшыларының корпусы мен әскер азаматтарды құтқарып, қауіпсіз жерге көшіруге көмектесіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары