15.07.2014, 11:20

Алматыдан 438 шақырым жерде жер сілкінді

Сурет: news.nur.kz

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша түстен кейін 15 сағат 27 минут 29 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі таратты.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 438 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық қуаты - 9.6. Магнитудасы MPV - 4.2. Тереңдігі - 5 шақырым.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.