$ 443.85  474.3  4.8

Антальяда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді

Түркияның Анталья қаласында 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан V әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған біріншілікте ел намысын ең таңдаулы ойыншылар қорғамақ. 

Бүгінгі таңда әлем чемпионатына қатысатын спортшылар соңғы дайындықтарын пысықтап, Антальяға аттануға әзірленіп жатыр. 

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионатын өткізудегі басты мақсат - қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын әлемдік деңгейде насихаттау, оның бұқаралық сипатын арттыру және осы спорт түріндегі ең үздік спортшыларды анықтау. 

Еске сала кетейік, тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты 2010 жылы Қазақстанның елордасында өткізіліп, 16 елден спортшылар қатысқан болатын. 2012 жылы Чехияның Пардубице қаласында болған ІІ әлем чемпионатына 10 елден спортшы қатысса, ІІІ әлем чемпионаты 2015 жылы Алматыда өткізіліп, 23 елдің спортшылары бақ сынады.  Ал, ІV рет төл ойынымыздан әлем біріншілігі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында  елордамызда өтті. Соңғы біріншілікке әлемнің 25 елінен 70-тен астам тоғызқұмалақшы келіп, бақ сынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары