$ 498.34  519.72  4.85

Судья өзіне қарсы шыққан журналисті сот залынан шығарып жіберді

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Настоящее время» арнасының журналисі Светлана Глушкова судья Әсия Досжановаға сенімсіздік білдірген арызын әкімшілік сот төрағасы Уәлихан Рахматуллаев қанағаттандырған жоқ Азаттық.

Мұнан соң журналист Глушкова прокурор Бақытжан Байғозиевтен бас тарту туралы шағым түсірді. Арызды тыңдаған судья Рахматуллаев шешім қабылдау үшін үзіліске шықты да, келген соң журналистің бұл өтініші де қанағаттандырылмайтынын айтты.

Журналистің адвокаты Бауыржан Азанов хаттамалармен танысу үшін үзіліс сұрады.

Таңертең 10.00-де басталған үзіліс түскі 12.30 шамасында аяқталып, сот процесі қайта басталды.

Сот отырысының басында сөз алған журналист Глушкова судья Әсия Досжановаға тағы қарсы шықты. «Екінші мәрте судьяға қарсы шығуға болмайтынын, сот төрағасының шешімі барын» айтқан Досжанова Светлана Глушкованы сот залынан шығарып жіберді.

Журналистің артынан оның үш адвокаты қоса шығып кетті. Кейіннен судья БАҚ өкілдерін де сот залынан шығарып жіберді.

Сот процесіне қазір төрт адам - шағымданушының заңды өкілі мен адвокаты, судья Досжанова мен прокурор Байғозиев қатысып отыр.

Ұрып-соғу бабымен үстінен іс қозғалған журналист Глушкованың соты кеше, 1 сәуірде басталған. Судья Досжанова Глушкованың үстінен шағым түсірген жәбірленушінің «кәмелет жасына толмағанын»  айтып, сот залында отырған БАҚ құралдарын шығарып жіберген. Мұнан соң Глушкова судьяға сенімсіздік білдіріп, бас тартқан.

Жәбірленушінің адвокаты Ержан Нұрпейісовтің айтуынша, кәмелетке толмаған шағымданушы бүгінгі сот отырысына сырқаттанып қалуына байланысты келмеген.

Сот ғимаратының сыртында полиция мен байланыстан ажыратқыш құрылғысы бар көлік тұр.

Кеше, 1 сәуірде сот ғимараты алдында ондаған белсенді журналист Светлана Глушкованы қолдап келген. Олар «Светланаға бостандық!», «Светланадан қолыңды тарт!» деп айқайлаған.

Бүгін, 2 сәуірде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Глушкова сотына бармақ болған төрт белсендіні полицияның ұстағанын жазды.

«Настоящее время»  (Азаттық пен «Америка дауысы» радиоларының бірлескен жобасы) журналисі Светлана Глушкованы мұның алдында да полиция қамап, соңынан босатқан. Биылғы 22 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында полиция адамдарды ұстаған кезде Азаттық радиосы мен «Настоящее время»  тілшілеріне белгісіз адамдар кедергі жасап, Светлана Глушкованы полицейлер қамаған.

«Азат Еуропа/Азаттық радиосы» медиакорпорациясы президенті міндетін атқарушы Дэйзи Синделар бұл оқиғаны «тәуелсіз журналистерге қысым және саяси оқиғалардан хабар таратуға тырысқан ақпарат құралдарын бақылауда ұстау әрекеті» деп атаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары