$ 444.22  476.38  4.82

Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

3 сәуір күні еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары. 

«2019 жылғы 3 сәуірде Астана, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары