Қостанайда 31 наурыз күні 3 баласы бар отбасының баспаналары түгел өртеніп кетті. Жұмысқа кеткен үй иесіне көршілері хабарласып, балалардың қайда екенін сұрап, үйдің жанып жатқанын айтқанда отағасы есінен тана жаздапты деп жазады Alau.kz.
Бегайдаровтар отбасы бұл үйді осындан 2 жыл бұрын жалға алған. Құжаттарынан басқа барлық зат қызыл жалынға оранса да, отбасы мүшелері дін аман екен.
«Көршім хабарласып, «балалар үйде ме?» деп сұрады. Сасқанымнан иә деппін. Кейін үйде емес екені есіме түсті», - деп еске алды Ринат Бегайдаров.
Өрттің нақты неден шыққаны әлі анықталмаған.
Анасы Анастасияның айтуынша, сол күні 10, 9 және 1 жастағы немерелерін әжесі үйіне алып кетіпті.
Қазір бұл отбасы Затобольскідегі туыстарының үйін паналап жатыр.
Егер көмек қолын созам деушілер болса: 8-747-286-59-52, 8-747-689-49-39 нөміріне хабарласса болады.