Жаңалықтар 03.04.2019 сағат 05:45

Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесін құруға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін құруға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге (2,6 миллион доллардан асады) бөлу жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваға сілтеме жасап, «Интекфакс-Қазақстан» хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесін құруға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Вице-министр бұл туралы 2 сәуірде комитеттің сенатта өткен отырысынан соң айтқан. Савельеваның сөзінше, бюджетке бірнеше түзету енгізіліп, шығын артады.

«Шығын жалақының 1 шілдеден емес, маусымнан бастап өсуіне байланысты артады. Сол бір айға 37 миллиард теңге қаржы керек. Қалған ақша ендігі тіркеліп қойған жаңа мемлекеттік органды - елбасы кеңсесін құруға жіберіледі», – деді қаржы вице-министрі.

Норманы сенаттың жұмыс тобы қолдаған, енді ұсыныс бюджетке өзгеріс енгізу жобасына жазылады.

Азаттықтың хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 30 жылдай билеп, биыл наурызда қызметінен кетті.

«Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заң бойынша, Назарбаевты қызметтік кеңсе, пәтер, тұрақты күзет және байланыстың барлық түрімен жабдықтау қарастырылған.

Назарбаевқа бюджеттен президент айлығының 80 пайызына тең көлемде ай сайын зейнетақы қарастырылған, Назарбаевтың өмірі мен денсаулығына байланысты президенттің жылдық жалақысына тең міндетті мемлекеттік сақтандыру тағайындалған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар