Елордадағы «Астана-1 теміржол» «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» боп өзгереді. Бұл туралы ақпарат ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тиісті Қаулы жобасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана теміржол вокзалы «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – деп жазылған қаулыда.