Жаңалықтар 20.03.2019 сағат 14:31

Қарағанды облысының білім беру басқармасы халықаралық олимпиада өткізді

19-20 наурызда Қарағанды теміржол колледжінде Қарағанды облысының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен халықаралық олипиада өтті.

Қарағанды облысының білім беру басқармасы халықаралық олимпиада өткізді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Тепловоз машинисінің көмекшісі» біліктілігі бойынша кәсіби шеберліктің І халықаралық олимпиадасына Жезқазған, Тюмень, Киров, Екатеринбург, Нижний Тагил, Омск, Ақтау, Павлодар, Теміртау және Қарағанды қалаларынан 13 сайыскер қатысты.

Сайысты ұйымдастырушылар қатарында сондай-ақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесі де бар. Сайыс теориялық және тәжірибелік турдан тұрды. Тәжірибелік жұмыстар колледждің оқу-жаттығу полигонында, теміржол көлігі жұмыскерлерін оқыту орталығында және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің локомотивті пайдалану депосының аумағында өткізілді.

Шарада жастар өздерінің жан-жақтылығын, біліктілігі мен білімділігін көрсетіп, жоғары дәрежеде сынға түсті. 

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жүлделі орын алған студенттер жеңіс кубогымен және дипломмен марапатталды. 

Бірінші орынды Омск қаласының көлік теміржол техникумының студенті Бобчинец Артем иеленсе, екінші орынды Нижнийтагиль теміржол техникумының студенті Марушин Евгенийиеленді, жүлделі үшінші орын Жезқазған бизнес және көлік колледжінің студенті Зинченко Анатолийге бұйырды.

Сайыскерлердің жетекшілері мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Жас маманның бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде кәсіби және жеке құзыреттілікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар