29.10.2015, 05:34

Еліміздің басым бөлігінде күн суыта бастайды

http://www.inform.kz/

29-31 қазан аралығында еліміздің батысынан шығысына ауысатын циклон жауын-шашын, кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің көшеюін тудырады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

31 қазанда антициклонның әсерінен түнгі температура республиканың батысында және солтүстік-батысында -3 -11оС дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта  0 -8оС дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +3 +8оС дейін, кей жерлерде 0,-5оС төмендейді, күндіз республиканың  солтүстік бөлігінде температуралық фон 0,+5оС құрайды, оңтүстік бөлікте +7+15оС дейін төмендейді.