Павлодар облысы Ақсу қаласында ер адам әйелінің туған күнінде өзін өртеп жіберді. Оны тоқтатпақ болған достары да ауруханадан бір-ақ шықты деп жазады Рavlodarnews.kz.
13 адам зардап шеккен. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, қалғаны иістен уланып қалған.
«3 сәуір сағат 20:51-де Момышұлы көшесіндегі жеке үйлердің бірі өртенді. Куәгерлер қаза тапқан ер адамның әйелінің туған күні болғанын айтты. 50 жастағы үй иесі әйелінен балаларды басқа жаққа алып кетуін сұрап, 5 литр жанармай толы канистрді үстіне төгіп, сіріңкемен жағып жіберген. Оны тоқтатпақ болған достары да күйіп қалған. Иіс тиген балалар аурухана жеткізілді. Ер адам қайтыс болды», – дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының өкілдері.
Өрт аумағы – 30 шаршы метр. Үш бөлмелі үйдің ішіндегі заттар түгел жанып кеткен.