$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ-қырғыз шекарасында 1 жүк көлігі 1 сағаттан тексеріліп жатыр

Қырғызстан үкіметі мен экономика министрлігі Қазақстанмен шекарадағы көлік кептелісі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Азаттықтың Қырғыз қызметіне бұл туралы экономика министрлігі сауда саясаты басқарамасының басшысы Аскат Беков хабарлаған.

Оның сөзінше, шекарада Қазақстан жағына қарай өте алмай тұрған жүк көлігінің көбі тұтыну тауарларын тиеген. Түркия мен Қытайдан әкелінген өнімдер де бар.

«Кезекте тұрған жүк көліктерінің 90 пайызынан астамы транзитпен келе жатыр. «Жүргізушілердің өзі тексеруден қорқып, [Қырғызстан аумағына] қайта бұрылып кетіп жатыр» деген Қазақстан тарабының мәлімдемесі қате. Шекарада көліктен тауардың бәрін түсіртіп, бір жүк көлігін тексергеннің өзіне бір сағат уақыт кетіп жатыр. Кептелістің себебі де осы. Еуразия экономикалық одағының келісімі бойынша, мұндай тексеріс болмауы тиіс. Қазақстан шекарасында елге кіріп жатқан көліктерді іріктеп тексеретін арнаулы топ жұмыс істеуі керек» дейді Беков.

19 наурыздан бері Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ-тілек автожол» өткізу бекетінде көлік кептелісі пайда болып, 31 наурызда олардың саны 200-ден асқан еді. Бұған Қазақстан жағына өткелі тұрған көліктердің мұқият тексерілуі себеп болғаны хабарланған.

1 сәуірде Қазақстан көлік кептелісіне «тауар тиеген жүргізушілердің тексеруден өтуге құлықты болмауы себеп» деген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары