04.04.2019, 04:16

13 адам зардап шекті: Павлодарда ер адам өзін өртеп жіберді

Павлодар облысы Ақсу қаласында ер адам әйелінің туған күнінде өзін өртеп жіберді. Оны тоқтатпақ болған достары да ауруханадан бір-ақ шықты деп жазады Рavlodarnews.kz.

13 адам зардап шеккен. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, қалғаны иістен уланып қалған. 

«3 сәуір сағат 20:51-де Момышұлы көшесіндегі жеке үйлердің бірі өртенді. Куәгерлер қаза тапқан ер адамның әйелінің туған күні болғанын айтты. 50 жастағы үй иесі әйелінен балаларды басқа жаққа алып кетуін сұрап, 5 литр жанармай толы канистрді үстіне төгіп, сіріңкемен жағып жіберген. Оны тоқтатпақ болған достары да күйіп қалған. Иіс тиген балалар аурухана жеткізілді. Ер адам қайтыс болды»,  – дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының өкілдері.  

Өрт аумағы  – 30 шаршы метр. Үш бөлмелі үйдің ішіндегі заттар түгел жанып кеткен.