Павлодарда өз үйінде өзін өртеп жіберген ер адамның әйелі қайтыс болды деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«4 сәуір күні сағат 13:06-да Ақсу қалалық ауруханасында 1974 жылғы денесін күйік шалған әйел есін жимастан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 3 сәуір күні ер адам әйелінің туған күнінде өзін өртеп жіберген болатын. Оны құтқармақ болған достары ауруханада жатыр.