$ 498.34  519.72  4.85

Оралда 17 жастағы бойжеткенді зорлап, кейін өлтірген: сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған қылмыстық сотында Асхат Темірбаевтың 17 жастағы мектеп түлегі Дана Өтеғалиеваны зорлау мен кісі өлтіру қылмысына қатысты жаңа сот шешімі шықты, деп хабарлайды КазТАГ.

«Тараптар ұсынған дәлелдер негізінде сот Темірбаевты кінәлі деп тапты. Қазылар алқасының шешімі бойынша, Асхат Темірбаевқа 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - деп хабарлады БҚО сотының баспасөз қызметі.

Марқұмның туыстары сот шешіміне шағым түсірмейтіндерін жеткізді.

Еске сала кетейік, 17 жастағы Дана Өтеғалиеваны былтыр шілде айында БҚО Зеленов ауданы, Дариньское ауылында зорлап, кейін өлтіріп кеткен. Ертесі күні полицейлер күдікті ретінде оның танысы Асхат Темірбаевты ұстады. Алғашында өзіне жала жабылғанын айтқан ол кейін кінәсін мойындады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары