$ 475.25  505.52  4.95
Жаңалықтар 05.04.2019 сағат 09:50

Өскеменде 13 жастағы жасөспірімді атып кетті

Өскемен қаласында 13 жастағы жасөспірімді белгісіз біреулер атып кетті. Оқ оқушының аяғына тиді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өскеменде 13 жастағы жасөспірімді атып кетті

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«3 сәуір күні 19:00 шамасында кезекші бөлімге 35 жастағы қала тұрғынынан хабарлама түсті. Ол 1 сағат бұрын аулада ойнап жүрген 13 жастағы ұлының аяғына бұзақылардың оқ атқанын айтты», –  деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: YK.news.kz

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар