Қостанайлық шекарашылар 131 тасбақаны шекара асырмақ болған азаматты ұстады деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде шекарашылар жекеменшік жеңіл автокөлігімен «Қостанай - Челябинск» бағытымен кетіп бара жатқан 24 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Күдіктінің көлігінің жүксалғышынан 131 тасбақа табылды. Олардың нарықтағы құны 1 300 000 теңге деп есептелінеді.
Құжатсыз «тірі тауар» актіленіп, Қарабалық аудандық малдәрігерлік бақылау комитетінің мамандарына тапсырылды», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Alau.kz