08.04.2019, 05:27

Геннадий Головкин 37 жасқа толды

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 37 жасқа толды деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшының жасы 40-қа жақындаса да ол кәсіби мансабын әлі жалғастыруда және алдына үлкен мақсат қойып отыр. Атап айтсақ, GGG алдағы бірер жылда мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізіп, айрылып қалған чемпиондық белбеулерін қайтарып алмақшы. Ол сондай-ақ, биыл WBO чемпиондық белбеуі үшін де кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 

Жақында ғана қазақстандық боксшы DAZN стримингтік қызметімен келісімшартқа қол қойған болатын.  Талап бойынша ол таяу үш жылда алты жекпе-жек өткізуі тиіс. Егер міндеттемелер толық орындалса, еңбек келісімшарты бойынша оған 100 миллион доллар төленеді. 

Маусымда Головкин шаршы алаңға оралады деп жоспарлануда. Әзірге қарсыласының кім болатыны белгісіз.