$ 473.98  504.03  4.93
Жаңалықтар 08.04.2019 сағат 09:38

Рудный қаласында 5 мың құс өртеніп кетті

Рудный қаласындағы құс фабрикасында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласында 5 мың құс өртеніп кетті

Тегтер:

Бүгін таңғы сағат 5.11-де Рудный қалалық өртке қарсы қызмет бөліміне «Жас қанат-2006» ЖШС құс фабрикасында өрт болып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Былтыр салынған 1 қабатты нысан тілсіз жау құрсауында қалған. 

«Өрт 110 шаршы метр аумақты шарпыды. Салдарынан 5126 бас құс жанып кетті, сондай-ақ нысанның жабдықтарына залал тиді. Материалдық шығын анықталып жатыр. Адамдар зардап шеккен жоқ», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар