Ғаламторда ер адамның көзінше тізерлеп, мысық сияқты мияулаған қазақстандық қыздың видеосы тарап кетті. Желі оқырмандары жас бойжеткенді аяусыз сынап, оның ерсі қылығына керағар пікірлерін жаудырған.
Желіде қызу талқыға түскен видеода қысқа көйлек киіп алған жас қыздың тізерлеп жүргені көрініс тапты.
Бойжеткенге мысық кейпіне енуді бағдарлама жүргізушісі талап еткен. Ару өз кезегінде, қарсылық танытпай, оның айтқанын бірден орындауға кіріскен.
Анықталағандай, аталмыш видео атышулы «Кел, келінім» бағдарламасының тікелей эфирге шықпаған кадры болған. Бейнежазбадағы бойжеткен де сол жобаның қатысушысы екен.
Ел арасында қатты сынға ұшыраған бағдарламаның жүргізушісі Мұхит Сапарбаев кадрдан тыс қалып қойған сәтті ғаламторға жүктеп, бұл жоба жайлы шындықтың бетін ашқан.
Ал желі қолданушылары ер азаматтың алдында тізерлеп, мияулап жүрген аруды аяусыз сынап, оның әрекетін аса жиіркенішті деп бағалады.
«Қазақ қызы деуге ұят екен. Намыс қайда кеткен аруларымыздың?», «Мұндай қыздардан қандай келін шығады?», «Қандай жиіркенішті көрініс, тіпті қарсылық танытпады да», «Бол десе бола салды. Намысы мен ар-ұяты жоқ па сонда?», «Сөзім жоқ айтарға», – деп жазуда көпшілік
Дереккөз: NUR.KZ