Қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 26 лицензия жеңіп алған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz
«Қазір Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қызу дайындық жүріп жатыр. Спортшылар әзірге 26 лицензияны жеңіп алды. Биылғы жылдың соңына дейін жолдама санын 35-40-қа жеткізу көзделген», - дейді С.Мұсайбеков.
Оның айтуынша, жалпы, Рио Олимпиадасына 27 спорт түрінен 100-ден астам жолдама ұтып алу жоспарланып отыр. Айта кетейік, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.