08.04.2019, 12:11

Егін саласының мамандары цифрлық сауаттылықтарын арттыруда

Шучинск қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында дәл егіншілік жүйесін енгізу. АӨК цифрландыру» атты семинар өтті. Аталмыш семинарға Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысының АӨК бизнес өкілдері қатысқан.

Қазіргі таңда университет ауыл шаруашылық саласын цифрландыру бойынша жұмыс жасап жатқан орталықтың бірі. Сол себепті, ауылдық округтер мен аудан әкімдері және шаруа қожалықтардың басшылары мен мамандарды осы орталыққа келіп цифрлық сауаттылықтарын арттыру үстінде.

Цифрлық сауаттылықты арттырудың нәтижесінде мамандар егіншілікті тиімді қолдануды, жаңа технологияларды игеруді үйреніп жатыр. Бұдан бөлек, жаңа бағдарламаларды да меңгеруде.

«Бұл жерде біз қазіргі күнде егіншілікте қолданып жатқан жаңа технологияның қандай екенін, кәсіпкер планшетін қалай пайдалану керектігін, жалпы айтқанда, өзіміздің егін егетін алқапты қалай тиімді пайдалану керектігін үйренудеміз», - дейді агроном Сатбай Шығанов.

Оқыту жұмыстары кезінде бірқатар маңызды тақырыптар оқытылуда. Мәселен, картографиялау негіздері, агроқұрылымдар мониторингінде геоақпараттық жүйелерді игеру, дақылдардың өнімділігін арттыру әдістері, жайылымдардың электрондық картасын жасау, вегетациялық индекс картасы сынды бағыттар қарастырылуда.

«Қазір Елбасымыз өзі атап айтқандай цифрлық кезеңнің даму уақыты. Бұл енгіншілік саласының жандануына да мол септігін тигізіп отыр. Егін саласымен айналысатын кәсіпкер планшеті қолға алып, оған өз егін алқабын арнайы бағдарлама арқылы енгізіп, егінің жайын өзі қадағалап, бағдарда ұстап отыруға мүмкіндік туды. Біздің университет қазір осы денгейге жету мақсатында мамандарды оқыту қарқынды жүргіп жатыр», - деп атап өтті дәріскер Жанна Алманова.