09.04.2019, 05:19

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялайды

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды», – делінген президенттің іс-шаралар аңдатпасында.