$ 494.87  520.65  4.91

«Ел болам десең, Ләйләңді түзе!»: белгілі заңгер тележүргізушінің халықты топастандырып жатқанын айтты

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек пәктігін сатуға шығарған қыздарды жарнамалаған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына шүйлікті. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан экранды сүзгіден өткізуді сұрады. 

Өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында заңгер пәктігін сатқан қыздардан басқа оларды сатып алатын лауазымды тұлғаларды да студияға қонақ етуін талап етті. 

«Сұраныс жоғары болған соң, пәктік сатылымға шығып жатыр екен. Сол пәктікті сатып алатын ағаларды неге көрсетпейсіз?

Халықты осындай арзан шоулармен топастандыру бұл!

Қатты айтсам кешіріңіздер! Баспен емес, «бұтпен» жүретіндердің заманы бұл! Солардың әңгімесі, сол «бұттың» айналасынан шықпайды! 

Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, бірінші экран бетін тазалауды сұраймын!», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін «Өз ойым» бағдарламасында жас қыз пәктігін 2 млн теңгеге сататын ашық айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары