Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс сайлау болатынын мәлімдеді.
«Қазақстанда кезектен тыс президент сайлау болатынын мәлімдеймін. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді», – деген президент барша Қазақстан тұрғындарын сайлауда белсенді болуға шақырды.
Сондай-ақ ол сайлаудың әділ өтетініне сөз берді.