$ 498.34  519.72  4.85

Студенттер денсаулық саласына қатысты ең үздік инновациялық жобаларды ұсынды

Сәуір айының 4-5 күндері Нұр-Сұлтан қаласында «H2H: Health2Human» тақырыбында республикалық хакатон форумы болып өтті. Форумда студент жастардан құралған 13 команда өз жобаларын таныстырды. Олар шарада денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекші мамандар мен менеджерлерге арналған инновациялық IT-шешімдерді ұсынды.

Айтулы хакатон форумын Астана Медицина Университеті мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Республикалық электронды Денсаулық орталығы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрлық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған.

«Заманауи медицинаның стационарлы емдеуден прафилактикаға және ауруды алдын ала анықтауға көшудің маңыздылығын зор. Жаңа технологиялар мен бағдарламалар адамның өмір салтын қадағалауға және ауруды анықтауға мүмкіндік береді. Содан кейін жиналған деректерге сүйене отырып, денсаулықты сақтау мен жақсарту үшін жеке жоспар жасайтын болады», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Жобаларды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Астана медицина университеті, ЮНИСЕФ өкілдері, сондай-ақ хакатонның бас демеушісінің атынан арнайы тағайындалған қазылар алқасы бағалады.

Инновациялық жобалар сайысының нәтижесі бойынша «Fractus» командасы бірінші орынға ие болды. Олардың «Жедел жәрдем» жобасы үздік деп танылып сайыс қорытындысы бойынша 500 000 теңге көлемінде ұтынсқа ие болды. Ал екінші орын «1dene» жобасымен «Brainstan» командасына бұйырды. Қорытындысы бойынша 300 000 теңге көлемінде ұтысқа ие болды. Жүлделі үшінші орынды, «Electronic – Health Knowledge» жобасы бойынша «E-HK» командасы 200 000 теңге көлемінде сыйақыны иеледі. Сонымен қатар «Price Water House Coopers» компаниясын үздік деп танылған жоба ана өлімін азайтуға арналған «Women+» командасына ынталандыру сыйлығын табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары