$ 449.58  486.94  4.86

Нью-Йорк билігі төтенше жағдай жариялады

Нью-Йорктегі билік өкілдері Бруклиндегі қызылшаның өршуіне байланысты сейсенбі күні төтенше жағдай енгізілгендігін мәлімдеп, халықты, әсіресе мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерді егу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екпеден бас тартқан жағдайда 1 мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін», - деді қала мэрі Билл де Блазио АВС телеарнасы тікелей жүргізген хабар барысында. 

«Қызылшаға байланысты жағдай тым қиындап кетті», - деді  қала басшысы аурудың таралу аймағы деп жарияланған Уильямсбургте сөйлеген сөзінде. «Індет әлі де жалғасуда. Осы аралықта 300-ге жуық оқиға тіркелді, негізінен Бурклинде», - деп тоқталған де Блазио 2017 жылы тұтас мегаполис бойынша мұндай екі жағдай ғана тіркелгенін атап өтті. 

Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 2018 жылдың күз айынан бастап қызылшамен ауырған 285 адам тіркелген. 21 науқас ауруханаға жатқызылған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары