Мексикандық боксшы Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) бір жылдық жоспарымен бөлісіп, сондай-ақ, қазақстандық қарсыласы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) алдағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін айтты деп хабарлайды Sports.kz.
«Менің биылғы мақсатым — орта салмақтағы әлем чемпионатының барлық төрт белдігін жеңіп алу. Егер Головкинде белдік болса, онымен шаршы алаңда кездесетін боламыз.Егер белдігі болмаса, басқа біреумен жұдырықтасуға шығамын. Бірақ, менің бірінші мақсатым — 4 мамырда жеңіске жету», — деп мәлімдеді «Канело».